
i-mark жүйесі «Жарылыс жұмыстарын және өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш материалдармен жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік нысандар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарына толық сәйкес әзірленген.
i-mark бағдарламалық қамтамасыз етуі бағдарламалық құралдар кешенінен тұрады:
Дерекқор, ол «ЭСЦВМ» ЖШС қашықтағы серверінде жұмыс істейді және қоймалық есептің негізгі бағдарламасы болып табылады: онда кіріс-шығыс құжаттары қалыптасады, солардың негізінде кіріс пен шығыс есебі журналдарына, беру және қайтару журналдарына деректер автоматты түрде енгізіледі.
Терминалдық қосымша, ол ЖМ қоймаларында және БЖЖ жүргізілетін орындарда өнімді беру-қайтару операцияларында көмекші рөл атқарады.
Мобильді принтер ЖМ жеке нөмірлерін басып шығаруға және кейін журналдарға жапсыруға арналған заттаңбалар.
2025 жылдан бастап i-mark жаңа нұсқасы WEB SQL платформасында жұмыс істейді, соның есебінен деректерді өңдеу жылдамдығы бірнеше есе өсті. Пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін деректерді енгізу интерфейсі жеңілдетілді. Өлшем бірліктерін қайта есептеу жүйесі қосылды. Интернетке қосылмай, деректер жинау терминалынан ЖМ-ны жылжыту және қайтару мүмкіндігі көзделген. Есептерді қалыптастыру мүмкіндігі іске асырылды.
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, жұмыс уақытында хабарласамыз.